Әлемде екі миллионнан аса адам коронавирустан қайтыс болды. Осыған байланысты БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Әлемде екі миллионнан аса адам коронавирустан қайтыс болды. Осыған байланысты БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Бас хатшысы мәлімдемесінде вируспен күресуге шақырып, вакцина туралы айтты.
Антониу Гутерриш вакциналар "жаһандық қоғамдық игілік" ретінде қарастырылуы керегін мәлімдеді. Бұл бүкіл қоғам белгілі бір қызметті ұсынуға мүдделі екенін білдіреді, яғни адамдар оны ешқандай бәсекелестіксіз тегін алуға құқылы. Сондықтан БҰҰ басшысы коронавирусқа қарсы вакцинаны "халықтық вакцина" деп атады және вакцинаны барлық елге қолжетімді ету үшін БҰҰ құрған COVAX механизмін қаржыландыруға шақырды.
Антониу Гутерриш халықты вакциналар туралы хабардар етіп, адамдарда пайда болған сенімсіздікті жою қажет екенін айтты.
"Біздің әлем бұл вирусты бірлесіп әрекет ету арқылы ғана жеңе алады", – деді бас хатшы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!