06 ақпан 2020 09:12

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 563-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет  Tengrinews.kz архивінен Сурет Tengrinews.kz архивінен

Қытайда коронавирустан 563 адам қайтыс болды, вирус жұқтырғандардың саны 28 018-ге жетті, ауруханадан 1153 адам шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Мұндай мәліметтерді ҚХР-дің денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті келтіріп отыр. 


Қытайда коронавирустан 563 адам қайтыс болды, вирус жұқтырғандардың саны 28 018-ге жетті, ауруханадан 1153 адам шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Мұндай мәліметтерді ҚХР-дің денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті келтіріп отыр. 

Бір күн бұрын 24,3 мың адамның ауру жұқтырғаны және 490 адамның қайтыс болғаны хабарланған.

"5 ақпан күнгі жағдай бойынша денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет 31 провинциядан (аудандар, орталық бағыныстағы қалалар) коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмонияны жұқтырудың расталған 28 018 жағдайы туралы ақпарат алды, оның ішінде 3 859 адам ауыр жағдайда, 563 қайтыс болды, 1 153 адам ауруханадан шығарылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жаңа коронавирусты жұқтырудың он екінші оқиғасы АҚШ-та тіркелген, ол Висконсин штатында бірінші жағдай тіркелді. 

Оңтүстік Корея 2019-nCoV коронавирусты жұқтырудың тағы бес жаңа оқиғасын растады, осылайша олардың жалпы саны 23-ке жетті.

Ал Сингапурда 18-нен 23 қаңтар аралығында конференцияға қатысқан 36 жастағы оңтүстіккореялық елдегі он тоғызыншы жұқтырылған адам болды. Онда олар Малайзиядан жұқтырған вирус алып, үйлеріне оралған. 

Жаңадан жұқтырған тағы үш адамның вирус тасымалдаушылармен жақын байланыста болғаны расталды. Олардың барлығы алдын алу шарасы ретінде үй карантинінде болған. Осылайша, 20-шы науқас 41 жастағы оңтүстіккореялық, 15-шісі зарарланған отбасының мүшесі болды. 21-ші індет Оңтүстік Кореяның 59 жастағы азаматынан анықталған. 

Қазіргі уақытта 23 қаңтарда Оңтүстік Кореяға барған қытайлық азаматша 58 жастағы туристің ауру жұқтырған 23-ші адам екені белгілі болып отыр. Арнайы медпунктінде оның ыстығы көтерілгені расталып, талдау жүргізілген, оның нәтижесі 6 ақпанда вирустың бар екенін көрсеткен.

Еске салайық, Қытай билігі 31 желтоқсанда ДДҰ-ны Хубей провинциясында Ухан қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлаған. Мамандар 2019-nCoV - коронавирус ауру қоздырғышын анықтады. ДДҰ бұл жағдайды халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети