ПОДЕЛИТЬСЯ
11 ақпан 2020 | 09:09
Коронавирустан қайтыс болғандардың саны мыңнан асты
11 ақпанда таңғы уақыттағы жағдай бойынша Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандар саны 1018 адам болды, 43 мың адам осы ауруды жұқтырған және 3344 науқас емделіп шыққан, - деп хабарлайды South China Morning Post Қытайдың денсаулық сақтау органына сілтеме жасап.

Еске салайық, бір күн бұрын Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 908-ге жетті, 40,1 мыңнан аса адам 2019-nCoV вирусын жұқтырғаны айтылды. Негізінен ең көп жұқтырғандар мен қаза болғандар коронавирустың таралу ошағы орналасқан Қытайдың Хубей провинциясында тіркелген.
Вирус кемінде әлемнің 24 елінде тараған.
11 Ақпанда Қытай басшысы Си Цзиньпин елдегі коронавирустың таралуы әлі де өте қауіпті екенін мәлімдеді.
"Аурудың таралуына байланысты жағдай бұрынғысынша ауыр, партия комитеттері мен үкімет барлық деңгейде аурудың таралуын бақылау және алдын алу бойынша барлық шешімдер мен жоспарларды батыл және дәйекті түрде орындауы тиіс",-деп мәлімдеді Қытай көшбасшысы.
Сонымен қатар, ол Қытайдың ауруды жеңуге барлық мүмкіндіктері мен сенімі бар екенін айтты.
Си Цзиньпин коронавирустың таралуы жағдайында жаппай жұмыстан шығуға жол бермеуді тапсырды, сондай-ақ вирустың таралуының Қытай экономикасына әсерін төмендету қажеттігін атап өтті.
Показать комментарии
Читайте также