10 ақпан 2020 09:05

Бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны күрт өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 908-ге жетті, 40,1 мыңнан аса адам ауру жұқтырған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 908-ге жетті, 40,1 мыңнан аса адам ауру жұқтырған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Осыған дейін 37,1 мың адамның науқастанғаны және 811 адамның қайтыс болғаны айтылған еді. 

"9 ақпандағы жағдай бойынша денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет 31 провинциядан (аудандар, орталық бағыныстағы қалалар) коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмонияны жұқтырудың расталған 40 171 оқиғасы туралы ақпарат алды, оның ішінде қазіргі уақытта 35 982 адам науқас (6 484 адам ауыр жағдайда), 3 281 адам ауруханадан шығарылып, 908 адам қайтыс болды", - делінген ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарламасында.

Гонконгте вирус жұқтырудың 36 оқиғасы анықталды (оның ішінде бір адам қайтыс болды), Макаода жұқтырғандар саны - 10 (олардың біреуі ауруханадан шығарылды), Тайванда 18 адам жұқтырды (олардың біреуі сауыққан).

Қазіргі уақытта аурумен тығыз байланыста болған 187,5 мыңнан астам адам бақылауда жатыр. 

Осылайша, соңғы тәулікте 3 062 жаңа жұқтыру оқиғасы анықталды, ауруханадан 632 адам шығарылды, 97 адам қайтыс болды, бұл ретте ауыр халдегі науқастар саны 296 адамға өсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети