Коронавирустың жаңа штамдарына шоқжұлдыздар атауы берілуі мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустың жаңа штамдарына шоқжұлдыздар атауы берілуі мүмкін

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Мария ван Керхов грек әліпбиінің әріптері коронавирустың жаңа штамдарын белгілеу үшін жеткіліксіз болса, оларға шоқжұлдыздар атауы берілетінін жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ДДСҰ сарапшысы грек әліпбиінің 24 әрпі жеткіліксіз болған жағдайда, штамдарды ежелгі грек құдайлары есімімен атау нұсқасы бұрын қарастырылғанын, бірақ кейін одан бас тартқанын айтты.

"Біз шоқжұлдыздар атауын беру нұсқасын шынымен қарастырып жатырмыз. Грек құдайлары есімін беру туралы ойладық, бірақ мен: "Өтінемін, мені көпшілік алдында мұны айтуға мәжбүрлемеңіздерші" деп сұрадым", - деді ДДСҰ-ның COVID-19 бойынша техникалық жетекшісі.

Айта кетейік, ДДСҰ мамырдың соңында SARS-CoV-2-нің жаңа штамдары грек әліпбиі әріптерімен белгіленетінін хабарлаған болатын. Жаңа атаулар қызығушылық немесе алаңдаушылық тудыратын нұсқаларға беріледі. Грек әліпбиі әріптерін қолдану жаңа нұсқаларды шығу тегі бойынша белгілеу тәжірибесінен аулақ болуға көмектеседі. ДДСҰ мәліметінше, бұл белгілі бір штамм алғаш рет табылған елдер мен аумақтарды кемсітуі мүмкін.

Қазіргі уақытта коронавирустың алты штамы маңызды деп танылған: "Кластер 5", "Альфа", "Бета", "Гамма", "Линия B.1.525" және "Дельта". Осы штамдардың төртеуін - "Альфа", "Бета", "Гамма" және "Дельта" - ДДСҰ "алаңдаушылық тудырады" деп мойындаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети