14 қазан 2021 10:24

Косовода полиция мен этникалық сербтер қақтығысты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Косово полициясы мен сербтер арасында Косовоның солтүстігінде тауар контрабандасына қарсы рейд кезінде қақтығыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Reuters сайтына сілтеме жасап.


Косово полициясы мен сербтер арасында Косовоның солтүстігінде тауар контрабандасына қарсы рейд кезінде қақтығыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Reuters сайтына сілтеме жасап.

Рейд төрт жерде, соның ішінде сербтер тұратын Косовск-Митровица қаласында өтті. Полиция рейдті тауар контрабандасына қарсы күрес мақсатында жүргізгенін айтты. Бұл Косово қауіпсіздік күштері атыс қаруын қолданған тәртіпсіздік тууына ықпал етті. Бір адам иығы мен қабырғасынан ауыр жарақат алды, қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Оқиға орнынан түсірілген видеоларда полицияның сербтердің тас лақтырғанына жауап ретінде көзден жас ағызатын газ қолданғаны көрінеді. Сербтер негізгі жолды жүк көліктерімен жауып тастаған.

Полиция бастығы Мехметидің өзі қақтығыс кезінде 10 офицер, сондай-ақ, 10 серб жарақат алғанын айтты. Косово ішкі істер министрлігі полиция операциясы ешқандай ұлтқа қарсы жіберілмегенін мәлімдеді.

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат бөлімінің басшысы Жозеп Боррел зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырып, Белград пен Приштина арасындағы ашық мәселелер ЕО-ның қолдауымен диалог аясында шешілуі керек екенін айтты.

Еске салайық, Белград пен Приштина арасындағы шиеленіс қыркүйекте, Косово билігі уақытша тіркеусіз серб нөмірлері бар автомобильдерге кіруге тыйым салған кезде болды. Косовоның солтүстігінде тұратын сербтер бұған жауап ретінде шекара өткелдерінің жанындағы жолдарды жауып тастады, содан кейін Косово билігі арнайы полиция бөлімшелерін екі шекара өткеліне көшірді. НАТО күштері Косово мен Сербия шекарасына да келді.

Алайда, содан кейін Брюссельде Белград пен Приштина өкілдерінің кездесуінде қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді.

2008 жылғы 17 ақпанда Косовоның Албания билігі АҚШ пен бірнеше ЕО елдерінің қолдауына ие болып, Сербиядан тәуелсіздігін жариялады, бірақ бірқатар басқа мемлекеттер халықаралық құқық бұзылғанын айтып, өзін-өзі жариялаған мемлекетті тәуелсіз деп санаудан бас тартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети