Кот-д'Ивуарда әскерде борышын өтеп болған солдаттар тобы адам саны бойынша ең көп қоныстанған болып саналатын Буаке қаласын басып алып, оған кіретін жолдарды жауып тастаған. Бұл туралы L'express порталы хабарлайды.

Полиция өкілінің айтуынша, әскерилер Буаке қаласына таңғы уақытта келген. Полицейлерге шабуыл жасап, олардың қаруын тартып алған. Қала ішінде атыс естілген. Осы шабуылға байланысты Буаке қаласындағы мектептер мен дүкендердің істемей тұрғаны айтылады.
Басылымның мәліметінше, шабуыл жасағандар үкіметтен бір реттік 7,6 мың евро көлемінде төлем жасап, өздеріне тұратын үй салуға жер бөлуді талап етіп отыр екен.