ҚР СІМ Иранда апатқа ұшыраған ұшақ бортында қазақстандықтар бар-жоғын анықтап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ Иранда апатқа ұшыраған ұшақ бортында қазақстандықтар бар-жоғын анықтап жатыр

Украиналық Boeing 737 Тегеран әуежайының маңында апатқа ұшырады. Сыртқы істер министрлігі осы бортта қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық Boeing 737 Тегеран әуежайының маңында апатқа ұшырады. Сыртқы істер министрлігі осы бортта қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

"Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген Иран СІМ-нің алдын ала мәліметі бойынша, Украина әуекомпаниясының құлаған ұшағында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған барлық азаматты шақырады. Бүгінде есепте Қазақстанның 174 азаматы тұр", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, мұның алдында Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады. Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.

"Әл-Жәзира" телеарнасының мәліметінше, "Украинаның халықаралық әуе жолдары" компаниясына тиесілі PS 752 рейсі Тегеран уақыты бойынша 5:15 ұшуы тиіс болған, алайда бортты бір сағатқа кідірген. Ұшақ 6:12-де ұшқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети