ҚР СІМ Сирияның Алеппо қаласының маңында болған терактілерге байланысты мәлімдеме жасады

18 Сәуір 2017, 09:09
0
ҚР СІМ Сирияның Алеппо қаласының маңында болған терактілерге байланысты мәлімдеме жасады -

ҚР СІМ Сирияның Алеппо қаласының маңында болған терактілерге байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан 2017 жылдың 15 сәуірінде Сирияның Алеппо қаласының маңында болған терроризм актілерін қатаң айыптайды. Үкімет пен қарулы оппозиция арасындағы келісімдердің аясында Аль-Фуа ауданынан Кефрайға эвакуацияланып жатқан 100-ден аса адам осы қылмыстың құрбаны болды. Жазықсыз бейбіт азаматтардың, әсіресе балаларды өлтіру ерекше наразылық туғызды, бұл лаңкестердің рақымсыздығын көрсетеді. Сирия халқына, осы терактілерден қаза тапқандардың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз, зардап шеккендерге денсаулық тілейміз", - делінген хабарламада. 

"Қазақстан терроризм мен оның кез келген түрімен ымырасыз күреске қолдауын тағы бір мәрте растайды және осы бағыттағы халықаралық координацияны нығайтуға, жаһандық контртеррористік коалиция құруға шақырады", - деп мәлімдеді сыртқысаяси ведомство. 

Еске салайық, өткен жексенбіде Рашидин аумағындағы автобустар тұрағында жойқын жарылыс болған еді. Ішінде өлімші отырған көлік азық-түлік өнімдерін тасымалдаған автобус тұрағының маңына келіп, жарылыс жасаған. "Терактіден қаза тапқандардың саны 70 адамнан асты, ал жарақат алғандардың саны 130-ға жетті. Өртеніп кеткен автобустардың маңында күйіп кеткен денелер көп", - деп хабарлаған еді БАҚ-тар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай