Донецк облысының Краматорск қаласындағы аэродромда атқыланған тікұшақ жарылды, - деп хабарлайды UNIAN.NET.
Донецк облысының Краматорск қаласындағы аэродромда атқыланған тікұшақ жарылды, - деп хабарлайды UNIAN.NET.
Әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекшісі, "Информационное сопротивление" тобының үйлестірушісі Дмитрий Тимчуктың хабарлауынша, Краматорск аэродромында атқылаудың нәтижесінде Мог-8 тікұшағы жарылған. Жарылыстан құрбан болғандар жоқ, тікұшақ командирі дер кезінде секіріп үлгерген. "Оқиғаның алдын ала себебі - тікұшақтың ұшар алдында қызып тұрған кезінде оқ тиюі", - дейді Тимчук.
"РИА Новости"-дің хабарлауынша, аэродромда шайқас жүріп жатыр. Атыстың дыбыстары естіліп, аспанға түтін көтерілген. Алдын ала мәлімет бойынша, халық жасақтары БТР-лардың бірін атып, қиратқан. Әзірше зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.
Өзге бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Краматорскіде тікұшақ оқ-дәрі тиеп жатқан мезгілде жарылған. Life News-тің хабарлауынша, куәгерлер жарылыс кезінде үш адамның қаза тапқанын айтып отыр. Тікұшақтың жанында Ан-2 ұшағы болған деген де ақпарат бар. Краматорск полициясы жарылысты халық жасақтары жасады деп хабарлады. Ал жергілікті тұрғындар бұған сенбейді.