Краснодар өлкесінде жол апатынан қаза тапқандар саны 19-ға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Краснодар өлкесінде жол апатынан қаза тапқандар саны 19-ға жетті © РИА Новости

Краснодар өлкесінде болған жол апатының салдарынан ауруханаға түскен бір адам жансақтау бөлімінде қаза тапты, осылайша, жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны 19-ға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости өңірдегі құтқару қызметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Краснодар өлкесінде болған жол апатының салдарынан ауруханаға түскен бір адам жансақтау бөлімінде қаза тапты, осылайша, жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны 19-ға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости өңірдегі құтқару қызметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап. 

Еске салайық, Краснодар өлкесіндегі Керчь бұғазында салынып жатқан көпірде автобус құлады. Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік басқармасындағылар бұл оқиғаның Краснодар өлкесі Темрюк ауданы Волна ауылында болғанын айтады.

Ал РИА Новости басылымының мәліметінше, төтенше жағдайдан 18 адам қаза тауып, тағы 33 адам құтқарылды. БАҚ мәліметінше, төтенше жағдайға автобустың тежегіші істен шыққаны себеп болған.

"Автобус шамамен 4 метр биіктіктен құлап кетті. Төтенше жағдайдың себебі ретінде әзірше жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы деген нұсқа қарастырылып жатыр", - деп хабарлады агенттіктегілер.

РЕН ТВ телеарнасы оқиғаның видеосы жариялады.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста "Таманьгаз" кәсіпорнының 20 жұмысшысы болған. Олар вахтадан қайтып келе жатқан. Ал Желі қолданушылары автобуста 60 адамның болғанын айтады, бірақ бұл мәлімет расталған жоқ.

Краснодар өлкесінің билігі зардап шеккендерге медициналық көмек пен тасымалдауға көмектесетіндерін, сондай-ақ, қаза тапқандардың туыстары қор ашпақшы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети