Кремль Чубайстың ауруханаға түсуіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кремль Чубайстың ауруханаға түсуіне қатысты пікір білдірді Фото: Екатерина Варзарь/snob.ru

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Анатолий Чубайстың ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпаратты қайғылы жаңалық деп атап, экс-саясаткер Ресей билігінен көмек сұрамағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Анатолий Чубайстың ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпаратты қайғылы жаңалық деп атап, экс-саясаткер Ресей билігінен көмек сұрамағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Көмек сұрағаны туралы өтініштер болды ма білмеймін. Әрине, бұл қайғылы жаңалық, тезірек сауығып кетуін тілейміз. Бірақ бұл ретте бізде егжей-тегжейлі мәлімет жоқ", - деді Песков.

Ол Чубайс Ресей билігінен көмек сұраса, олар кез келген азамат сияқты оны да қолдауға тырысатынын атап өтті.

"Әрине, ол Ресей азаматы, біз мүмкіндігінше барлық Ресей азаматына көмектесуге тырысамыз", - деп қосты баспасөз хатшысы.

Ксения Собчактың айтуынша, "Роснано" компаниясының бұрынғы бас директоры Гийен-Барре синдромымен Еуропадағы ауруханалардың біріне түскен. Ол саясаткердің қолы мен аяғы жансызданып қалғанын жазды.

Corriere della мәліметінше, Анатолий Чубайс Коста-Смеральда жағажайында демалып жатқанда өзін нашар сезінген, қазір оның жағдайы ауыр.

Гийен-Барре синдромы - адамның иммундық жүйесі өзінің периферия жүйкесіне әсер ететін ауру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети