Кремль өкілдері Ислам Кәрімовтің Мәскеуде ем алғаны жайлы қауесеттерді теріске шығарды

Ресейдегі президент ?кімшілігіні? баспас?з хатшысы Дмитрий Песков журналистерге ?збекстан президенті Ислам К?рімовті? М?скеуге ем алу?а келмегенін м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Сонымен ?атар, ол  ресейлік д?рігерлерді? ?збекстан?а бар?аны жайлы м?ліметті? жо?ты?ын айтып ?тті.

Ресейдегі президент әкімшілігінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің Мәскеуге ем алуға келмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Сонымен қатар, ол  ресейлік дәрігерлердің Өзбекстанға барғаны жайлы мәліметтің жоқтығын айтып өтті.

"Мен сіздерге Ислам Кәрімовтің Мәскеуге келмегенін растай аламын, бірақ дәрігерлер жайлы ешқандай ақпарат айта алмаймын", - деді Песков.

Айта кетейік, 29 тамызда "Фергана" басылымы, сонымен қатар "Народного движения Узбекистана"  басылымдары мемлекет басшысының дүйенбі күні Ташкент уақыты бойынша сағат 15.00 - 16.00 аралығында миына қан кетіп, қайтыс болды деген ақпаратты мәлімдеген болатын.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева Facebook желісінде әкесінің миына қан кеткенін айтқан болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама