27 қазан 2014 22:27

Кремль Украинадағы парламент сайлануына қатысты пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Сыртқы істер министрі - Сергей Лавров. © REUTERS Ресейдің Сыртқы істер министрі - Сергей Лавров. © REUTERS

Ресей  26 қазан күні Украинаның Жоғарғы Радасына өткен сайлауды мойындайды. Бұл туралы дүйсенбі күні Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Известия" және LifeNews телеарнасына берген сұхбатында айтты.


Ресей  26 қазан күні Украинаның Жоғарғы Радасына өткен сайлауды мойындайды. Бұл туралы дүйсенбі күні Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Известия" және LifeNews телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Министрдің айтуына қарағанда, көптеген заң бұзушылықтарға қарамастан Украинада парламент сайлау өтті. "Бүкіл Украина аймағында болмаса да, бұл сайлау өтті. Менің ойымша, біз бұл сайлауды мойындаймыз, өйткені елде бір-бірімен күресетін емес, Украинаны Батыс пен Шығыс деп бөлмейтін, мемлекет алдында тұрған шынайы мәселелерді шешетін биліктің пайда болуы біз үшін өте маңызды. Украинаның барлық азаматтары мейлі олар қай тілде сөйлесе де, мейлі олардың саяси көзқарастары түрлі болса да Украинада өз орындарын тапқаны жөн", - дейді министр Украинадағы сайлауға қатысты.

Сондай-ақ, ол жаңа Рада мен Украина билігінде Ресей келіссөздер жүргізе алатын күштердің де бар екенін айтты. "Мен Радада және билікте келіссөздер жүргізетін адамдар бар екеніне күмәнім жоқ. Бәрібір парламентте біздің президентпен Минскіде бейбіт келісімге келу үшін келіссөздер жүргізетін Петр Поршенконың "Блогы" өз билігін жүргізеді. Порошенко бір емес, бірнеше мәрте, оның ішінде Миланда Ресей президенті Владимир Путинмен бұл келісімге келетінін айтқан", - дейді ол.

26 қазан күні Украинада ел парламентінің Жоғарғы Радаға сайлауы болды. 60,23 пайыз хаттаманы сұрыптап болғаннан кейін Арсений Ясенюктің "Халық майданы" партиясы көш бастап келеді. Оның еншісінде 21,58 пайыз дауыс бар. Ал Петр Поршенконың "Блогында" 21,41 пайыз дауыс. 

Украина ОСК мәліметі бойынша, Жоғарғы Радаға тағы төрт партия өтеді - Львов қаласының мэрі Андрей Садавойдың "Өзіне өзі көмек көрсету" (11,16), "Оппозициялық блок" (9,32), "Олег Ляшконың Радикальды партиясы" (7,35) және экс-премьер Юлия Тимощенконың  "Батькивщина" (5,64) партиясы. Қалған партиялар бес пайыздық межеден аса алмай жатыр. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети