07 қазан 2020 08:25

Криминал авторитеттің ағасы Қырғызстанда ірі облысты басқарады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ош облысын енді криминал авторитет Алмамбет Анапияевтің ағасы Калмамат Анапияев басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.


Ош облысын енді криминал авторитет Алмамбет Анапияевтің ағасы Калмамат Анапияев басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Басылым мемлекеттік әкімшіліктің хабарламасына сілтеме жасайды. Кеше Калмамат Анапияев ұжымға таныстырылған.

БАҚ мәліметінше, бұл лауазымға үміткер болған "Мекенчил" партиясының өкілі Төребай Келдібаевпен Калмамат Анапияевтің арасында кикілжің болып, тараптар жаппай төбелескен. Себебі Келдібаев облыстық әкімшілікке келген кезде Анапияев кабинетті алып қойған.

Алмамбет Анапияев 2015 жылғы ақпанда Минскіде өлтірілген. Ол 2011 жылғы наурыздың басында Дубайда тұрып жатқан және сол кезде телефон арқылы сотталған ИК-3-ке колонияда бірге жазасын өтеп жатқан криминал авторитет Сұлтан Сасыевті өлтіруді бұйырғаны үшін айыпталған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети