Ксения Собчак Ресейден кетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ксения Собчак Ресейден кетті

Ресейлік тележүргізуші Ксения Собчактың коммерциялық директоры Кирилл Суханов бопсалау бойынша қамауға алынды. Собчак мұны "редакцияға жасалған қастандық" деп бағалап, Ресейден кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік тележүргізуші Ксения Собчактың коммерциялық директоры Кирилл Суханов бопсалау бойынша қамауға алынды. Собчак мұны "редакцияға жасалған қастандық" деп бағалап, Ресейден кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"112" Telegram арнасының мәліметінше, тергеу Кирилл Сухановты "Ростех" басшысы Сергей Чемезовтен 11 миллион рубль (шамамен 83,6 миллион теңге) бопсалады деп айыптап отыр. Бұл айыпқа Telegram-арнасындағы Чемезовқа арналған жазбаның жойылуы себеп болған.

Тергеушілердің айтуынша, Суханов ВЧК-ОГПУ Telegram-арнасы жариялаған жазбаны алып тастау үшін Чемезовтың өкілдерінен ақша талап еткен. Ол жазбада ресейлік миллиардер Андрей Бокарев туған күнін қалай атап өтетіні, ал құрметті қонақтардың қатарында Сергей Чемезов пен Григорий Лепс бар екені айтылады. Жазба 22 қазан сағат 19:19-да жарияланып, төлем туралы келісім жасалғаннан кейін, жойылған.

"Коммерциялық директорымыз Кирилл Суханов қамауға алынды. Оған бопсалау бойынша айып тағылды. Кімнен? Неліктен? Қандай "Ростех"? Не, Чемезов? Мұның бәрі сандырақ. Бұл менің редакцияма, Ресейдегі соңғы тегін редакцияға жасалған қастандық екені анық", - деп жазды Ксения Собчак Telegram-арнасында.

Ал "Три сестры" Telegram-арнасы Ксения Собчактың Беларусь-Литва шекарасын кесіп өткені туралы видео жариялады.

Собчак кететіні туралы ештеңе айтқан жоқ.

Ресейлік БАҚ Ксения Собчак жедел іздестіру қызметкерін шатастыру үшін Дубайға, одан кейін Түркияға ұшақ билеттерін сатып алғанын жазды.

"Ксения Собчакты ұстау үшін жедел іздестіру қызметкерлері ол Ресейден ұшпақ болған Внуково-3 әуежайына аттанған. Дегенмен, ол елден Минск, Литва арқылы кеткен", - деп хабарлайды Baza Telegram-арнасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети