Ксения Собчактың қала сыртындағы үйінде тінту жүріп жатыр - БАҚ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ксения Собчактың қала сыртындағы үйінде тінту жүріп жатыр - БАҚ Фото:instagram.com/xenia_sobchak

Тәртіп сақшылары ресейлік журналист Ксения Собчактың қала сыртындағы үйіне тінту жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәртіп сақшылары ресейлік журналист Ксения Собчактың қала сыртындағы үйіне тінту жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"112" Telegram-арнасының мәліметінше, жедел қызметкерлер Мәскеу облысындағы Горький-8 элиталық коттедждік ауылына келген. Басылым тінтуді Собчактың коммерциялық директоры ұсталуымен байланыстырады. Бұған дейін Кирилл Сухановқа бопсалау бойынша айып тағылып жатқаны белгілі болған.

Собчактың өзі бұны журналистикаға қысым деп атады.

"Коммерциялық директор Кирилл Суханов ұсталды. Олар оны "бопсалау" деп отыр. Бұл бос сөз, күлкілі. Кирилл - бизнесмен және біздің жарнама беруші, мен және менің бүкіл редакциямыз мұны журналистикаға жасалған кезекті қысым деп санаймыз. Олар менің журналистерімді үнемі қамауға алады. Қазір олар Кириллді қолға алып, оны кінәлап жатыр. Адвокат онымен байланыста", - деп жазды Собчак өзінің Telegram-арнасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети