Кіші қажылыққа барған тағы үш қырғызстандық коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кіші қажылыққа барған тағы үш қырғызстандық коронавирус жұқтырған Фото: 24.kg

Қырғызстанда коронавирус жұқтырудың тағы үш дерегі тіркелді, бұл елде жалпы алты адам індет жұқтырған, - деп хабарлайды 24.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда коронавирус жұқтырудың тағы үш дерегі тіркелді, бұл елде жалпы алты адам індет жұқтырған, - деп хабарлайды 24.kg.

Жұқтырудың жаңа ошақтары Ош облысындағы Ноқат ауданында анықталған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев хабарлаған.

"Бұл адамның бәрі кіші қажылыққа барған. Науқастар оқшауланды, олар дәрігерлердің қарауында бокс аппараттарында жатыр, ем алып жатыр. Клиникалық белгілері немесе симптомдары жоқ, сараптамасы вирустың барын көрсетті", - деді ол.

Космосбек Чолпонбаев қазіргі уақытта олармен байланысқа түскен адамдар анықталып жатқанын айтып өтті.

Денсаулық сақтау министрі кіші қажылықтар оралған барлық қырғызстандыққа үндеу жасап, оларды сабырға шақырып, үйінде отыруды және ешкіммен кездеспеуді сұрады. 

"Қандай да бір ауру белгілері анықталса, дәрігерлерге хабарласыңыздар", - деді ол.

Бұл елде коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі 18 наурызда Созақ ауданының үш тұрғынынан анықталған. Олар Сауд Арабиясын кіші қажылыққа барып келген. Ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусты 49 адам жұқтырған. Қарағандыда екі адам, Алматы - 22, Нұр-Сұлтан - 25. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети