12 маусым 2018 09:44

Куәгер аюмен бетпе-бет келген балықшыны видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер аюмен бетпе-бет келген балықшыны видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды "КАМЧАТКА-ИНФОРМ".


Куәгер аюмен бетпе-бет келген балықшыны видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды "КАМЧАТКА-ИНФОРМ".

6 маусымда таңғы уақытта 31 жастағы Сергей Жирков балық аулап, үйіне қайтып келе жатқан. Ол ұялы байланыс тартатын жоғары қырға шығып, достарына хабарласқан. Осы кезде қайыққа аю жақындап келіп, талқандай бастаған. Ал қайықта ауланған балық болған. Оқиғаны балық кәсіпорнының қызметкерлері жағалаудың екінші жағынан видеоға түсіріп тұрған. 

"Қаш, Серега!", - деп айғайлайды олар. Алайда ер адам аюды қайықтан қуып жібергісі келіп, тас лақтырады. Соңғы кадрларда Сергей өзенге қарай жүгіріп, оның артынан аюдың қуғаны көрінеді. Салдарынан ер адам қатты ағысқа түсіп кетіп, суға батып кеткен. Жағалаудың екінші бетінде тұрған балықшылар оны шығарып ала алмаған. Ер адамның денесі екінші күні табылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети