Борис Немцовтың өлімі бойынша екі негізгі куәгер түсінік берді, оның бірі - саясаткердің ашынасы, 23 жастағы украин моделі Анна Дурицкая. Олар киллердің сыртқы келбетін сипаттап берді. Тергеушілер киллердің жазбаша потретін жасады, - деп хабарлайды LifeNews.
Борис Немцовтың өлімі бойынша екі негізгі куәгер түсінік берді, оның бірі - саясаткердің ашынасы, 23 жастағы украин моделі Анна Дурицкая. Олар киллердің сыртқы келбетін сипаттап берді. Тергеушілер киллердің жазбаша потретін жасады, - деп хабарлайды LifeNews.
Куәгерлердің жауабы бойынша құқық қорғау органдары бойының ұзындығы 170-175 сантиметр болатын ер адамды іздестіре бастады. Киллердің шашы қара, қысқа қиылған. Көк джинсы мен қоңыр жемпір киген. Оны Борис Немцовты құтқаруға тырысқан куәгер - Виктор М. есінде жақсы сақтап қалған. Оқ атылған кезде Виктор қылмыс орнынан 80 метр жерде, көпірдің үстінде келе жатқан.
Анна Дурицкая есінде ештеңе жоқ екенін айтты, ол болған оқиғадан соң шок алған. "Дурицкая Киев - Мәскеу рейсімен Шереметьево әуежайына ұшып келгенін, оны Борис Немцов өзінің жүргізушісімен бірге қарсы алғанын айтты. Әуежайдан соң олар Малая Ордынка көшесіндегі пәтерге кеткен. Тергеушілер арасындағы ақпарат көзінің айтуынша, кешкісін қыз тай салондарының біріне, ал Борис Немцов радиоға сұхбатқа кетеді. Сағат 21.30-да екеуі ГУМ-дағы "Боско" кафесіне кешкі ас ішуге келеді. Жұп кешкі астан соң үйге Мәскеу өзені үстіндегі көпірмен жаяу қайтады. Олардың қасына ашық түсті автокөлік тоқтайды, одан бір адам атып шығып, оппозиционерді бірнеше рет атады. "Оқ атқаннан кейін ер адам машинаға отырып, кетіп қалады. Қылмыскердің ерекше белгілері мен автокөліктің маркасын немесе мемлекеттік нөмірін қыз есінде сақтай алмаған", - дейді тергеудегі ақпарат көзі.
Еске салайық, Борис Немцовты 28 ақпанға қараған түні Мәскеудің қақ ортасында, Үлкен Мәскеу өзені үстіндегі көпірде атып кеткен еді. Тергеудің болжамы бойынша, киллер саясаткерді атқаннан кейін ВАЗ-21102 автокөлігімен із жасырған. Нақтыланған мәлімет бойынша, киллер мінген автокөлікте Солтүстік Осетияның нөмірі болған, бірақ машина 2011 жылы есептен шығарылыпты. Саясаткердің өлімі бойынша "Кісі өлтіру" және "Қару-жарақтың заңсыз айналымы" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, Борис Немцовтың өлтірілген сәті Үлкен Мәскеу өзені көпірінен түсірілетін сыртқы бақылау камерасына іліккен. Видео ТВЦ телеарнасының эфирінен көрсетілді. Кадрлардан екі адамның - Борис Немцов пен Анна Дурицкаяның көпірде келе жатқанын көруге болады. Олармен бір бағытта қар тазалаушы машина кетіп бара жатады. Машина жұптың қасына жақындаған кезде қылмыс жасалады. Ол сәттің өзі автокөліктің кузовы кедергі келтіргендіктен анық көрінбейді. Бірнеше секундтан соң қар тазалаушы машинадан бір адам шығып, соңынан келіп күтіп тұрған автокөлікке отырады. Бейнежазбаға қарағанда, кісі өлтіру мұқият ойластырылған.