Жер шарын айналу мақсатында күн сәулесінің қуатымен ұшатын Solar Impulse 2 ұшағы Каирге қонды, бұған айғақ ретінде жобаның сайты жасап отырған тікелей трансляциының кадрлары ұсынылған, деп хабарлайды РИА Новости.

Каирге Solar Impulse 2 испаниялық Севилиядан келген, ол жақтан ұшақ дүйсенбіде ұшып шыққан. Қонуға жарты сағат қалған уақытта Гизадағы Ұлы пирамидалардың үстінен ұшып өткен. Каир жер шарын айналып өту маршрутындағы соңғы нүктелерінің бірі.
Solar Impulse 2 ұшағы саяхатты 2015 жылы 9 наурызда Әбу-Дабиден бастаған болатын. Ол Оман (Маскат), Үндістан (Варанаси), Мьянму (Мандалай), Қытай (Чунцин және Нанкин), Жапония (Нагоя) және де АҚШ-тың бірнеше қалаларында болды.
Solar Impulse 2 2014 жылы сәуірде таныстырылып, маусым айында сынақтан мүдірмей өткен еді. Әуе кемесінің салмағы 2,3 тоннаны құрайды, ал қанаты 72 метр. Сол жерде ұшақты қуаттандыратын 17,2 мың күн қуатын жинайтын батарея орнатылған. Максималды жылдамдығы сағатына - 140 шақырым.