"Құрбандар көп болады". Билл Гейтс адамзатқа жаңа қауіпті болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Құрбандар көп болады". Билл Гейтс адамзатқа жаңа қауіпті болжады Фото: Reuters

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирусты жеңгеннен кейін адамзатқа басқа қауіптер төнуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирусты жеңгеннен кейін адамзатқа басқа қауіптер төнуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы мультимиллиардер Veritasium YouTube-каналына берген сұхбатында айтты. Гейтстің айтуынша, жылуға байланысты табиғи апаттардан қайтыс болғандар саны жыл сайын артып жатыр.

"Коронавирус пандемиясы кезіндегіге қарағанда қайтыс болғандар саны көп болады", - деді ол.

Сондай-ақ, Microsoft негізін қалаушы биотерроризмнің де зор қауіп екенін айтты.

"Адамзатқа елеулі зиян келтіргісі келетін адам соңы өлімге әкелетін вирус әзірлеуі мүмкін", - дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, бұған Гейтстің коронавирус пандемиясына қатысы бар деген қауесет тараған болатын. Кәсіпкер оған қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, вакцинация туралы жалған фактілердің таралуы COVID-19 эпидемиясын ұзартуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети