ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2021 | 07:24
"Құрметке лайық". Протасевич тағы да екіұшты мәлімдеме жасады
NEXTA Telegram-арнасының негізін қалаған Роман Протасевич мемлекеттік СТВ телеарнасының эфирінде белорус президенті Александр Лукашенкоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
NEXTA Telegram-арнасының негізін қалаған Роман Протасевич мемлекеттік СТВ телеарнасының эфирінде белорус президенті Александр Лукашенкоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
NEXTA экс-бас редакторының айтуынша, "адам мұндай үлкен қысымға шыдаса, демек, айтуға болатын қасиеті бар".
"Тұлға ретінде, адам ретінде - иә, оның табандылығы құрметке лайық", - дейді Протасевич.
Еске салайық, биыл 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. "Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бұл ақпарат расталмады.
Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Оны Беларусьтің арнайы күштері ұстаған. Nexta 2020 жылғы тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін жаппай наразылық кезінде оппозицияның негізгі алаңдарының бірі болды. Ал кейін Лукашенко Nexta экс-редакторы мінген ұшақты қондыру туралы бұйрықты өзі бергені анықталды. Ал ұсталғаннан кейін Протасевич Беларусь билігіне мүлдем басқа көзқараста екенін айтып, бірнеше рет сұхбат берді. Ал оның отбасы журналиске қысым көрсетіліп жатқанына сенімжі.
Денсаулығы. Тергеу. Мойындау. Роман Протасевич ұсталған күні не болды?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также