24 мамыр 2021 09:47

"Мұнда өлім жазасына кесілемін" - жолаушылар ұсталған Протасевичтің әрекеті туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роман Протасевич. 2017 жылы түсірілген сурет. © Reuters Роман Протасевич. 2017 жылы түсірілген сурет. © Reuters

Ryanair әуекомпаниясы ұшағының жолаушылары NEXTA телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичтің Минскіде шұғыл қонуға қатысты реакциясын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жолаушылар Delfi басылымына баяндаған.


Ryanair әуекомпаниясы ұшағының жолаушылары NEXTA телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичтің Минскіде шұғыл қонуға қатысты реакциясын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жолаушылар Delfi басылымына баяндаған.

Жолаушылардың бірі шұғыл қону туралы хабарланғанда Протасевич шошып, дірілдегенін, ал не болды деген сұраққа "Мұнда өлім жазасына кесілемін" деген жауап алғанын айтады.

Куәгердің айтуынша, NEXTA негізін қалаушы дірілін тоқтата алмаған, бірақ сабырға келген. Ұшаққа ит ұстаған адамдар келіп, Протасевич отырған жаққа барып, тінту жүргізіп, барлық затын шашқан. Оның қасында күш құрылымдарының қызметкері болған. Кейін Протасевич ұшақтан шығарылған.

Қалған жолаушылар сусыз және әжетханасыз бөлмеде үш сағаттай отыруға мәжбүр болған. Олардың құжаты тексерілген. 


TUT.BY куәгерінің суреті

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. "Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бұл ақпарат расталмады. 

Лукашенко Nexta экс-редакторы мінген ұшақты қондыру туралы бұйрықты өзі берген

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Nexta 2020 жылғы тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін жаппай наразылық кезінде оппозицияның негізгі алаңдарының бірі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети