24 мамыр 2021 14:33

Куәгерлер ұшақ Минскіге қонғанда Протасевич қандай күйде болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Беларусьте экстремистік деп танылған Nexta Telegram-арнасын жасаушылардың бірі Роман Протасевич ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы Минскіге шұғыл түрде қонып жатқанын түсінгенде қатты қорыққан. Бұл туралы РИА Новости жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Беларусьте экстремистік деп танылған Nexta Telegram-арнасын жасаушылардың бірі Роман Протасевич ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы Минскіге шұғыл түрде қонып жатқанын түсінгенде қатты қорыққан. Бұл туралы РИА Новости жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Литвалық Delfi порталында Протасевич ұсталған сәтті баяндап берген жолаушының сөзі жарияланды. 

"ОМОН кіріп, ұстады (Протасевичті - автор.). Біз не істерімізді білмей қалдық, олар шабадандарымызды тексерді, сол уақытта оны ұстады", - деді жолаушы. Ол қауіпсіздік күштері басқа жолаушылардың көзінше күш қолданбағанын айтты.

"Біздің көзімізше күш қолданылмады. Ол қатты қорқып тұрды. Мен оның көзіне қарап тұрдым, қатты уайымдадық", - дейді куәгер.

Оның айтуынша, жолаушылар дәлізде үш сағат отырған.

"Мұнда өлім жазасына кесілемін" - жолаушылар ұсталған Протасевичтің әрекеті туралы

Delfi мәліметінше, бір жолаушы не үшін тінту балғаны оларға түсіндірілмегенін айтқан. Тағы бір жұп жойғыш ұшақтарды көргенін айтқан.

Портал мәліметінше, ол қыз Протасевичті де көрген. "Ол ұшақтың Минскіге қонғанын естігенде, оған қарау қорқынышты болды", - дейді әйел.

"Ол өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін айтты. Оның сүйіктісі екеуміз бүкіл күту процесін бірге бастан өткердік. Ол жанында тұрды, ал біз қалай көмектесуге болады деп ойланып тұрдық. Бірақ қандай да бір әрекет жасау мүмкін болмады, жағдай солай болды", - деді тағы бір жолаушы.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. "Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бұл ақпарат расталмады. 

Лукашенко Nexta экс-редакторы мінген ұшақты қондыру туралы бұйрықты өзі берген

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Nexta 2020 жылғы тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін жаппай наразылық кезінде оппозицияның негізгі алаңдарының бірі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети