18 мамыр 2020 | 17:48

Кувейт пен Катарда маскасыз жүргендер түрмеге қамалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Кувейт пен Катарда қоғамдық орында маскасыз жүргендерге мыңдаған доллар айыппұл немесе үш айдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - деп хабарлайды Reuters.


Иконка комментария блок соц сети

Кувейт пен Катарда қоғамдық орында маскасыз жүргендерге мыңдаған доллар айыппұл немесе үш айдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - деп хабарлайды Reuters.

Кувейт пен Катар билігі аталған жазалар туралы бір уақытта мәлімдеген. Яғни, Кувейт денсаулық сақтау министрлігі маскасыз жүрген кез келген адам үш айға бас бостандығынан айырылып немесе 16 200 доллар (6,8 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынатынын айтқан.   

Ал Катардағы жергілікті мемлекеттік телеарнаның мәліметінше, қоғамдық орында маскасыз жүргендер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 55 мың доллар (23 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынатынын хабарлаған.  

Айта кетейік, Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 18 мамырдағы жағдай бойынша, Кувейтте COVID-19 жұқтырған 14 850 адам анықталған. Оның 4093-і аурудан айығып шықса, 112 адам қайтыс болған. Ал Катарда 32 604 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 4370-і айығып шыққан. Қайтыс болғандардың саны - 15.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети