Күйеуі ас әзірлеуден бас тартқан әйелінің қолын шауып тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күйеуі ас әзірлеуден бас тартқан әйелінің қолын шауып тастаған Иллюстрациялық сурет © kp.ua

Күйеуі ас әзірлеуден бас тартқан әйелінің қолын қылышпен шауып, ішін тілген, - деп хабарлайды Mirror. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күйеуі ас әзірлеуден бас тартқан әйелінің қолын қылышпен шауып, ішін тілген, - деп хабарлайды Mirror. 

50 жастағы кениялық әйел жаназадан кейін үйіне келген. Осы кезде оның күйеуі үйде дайын астың жоғына ашуланып, дереу тамақ істеуді талап еткен. Ал әйелдің түскі ас даярлаудан бас тартуы қайғылы ақталды. Ашуға мінген ер адам әйелінің қолын шауып тастап, ішін тілген. 

Қазір әйел Мигори қаласындағы ауруханада жатыр. Әйелдің сөзінше, күйеуі оны көптеген жылдар ұрып-соғып келген болып шықты. Ал соңғы жанжал кезінде ол шектен шыққан. Зардап шеккен әйел күйеуін тұтқындауын өтінгенмен, полицейлер ісін орындауға асықпайды. 

Жергілікті БАҚ мәліметі бойынша, оқиғадан бері екі күн өтсе де ер адам бостандықта жүр. Ал билік өкілдерінің оны неге тұтқынға алмай отырғаны белгісіз болып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети