Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы бюросының директоры Ханс Клюге күзде Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім саны көбейетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы бюросының директоры Ханс Клюге күзде Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім саны көбейетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жағдай күрделене түседі. Қазан-қараша айларында біз өлімнің көбеюін болжаймыз", - деді Клуге.
Мұның алдында ДДҰ коронавирус жұқтырғандар санының рекорд орнатқанын мәлімдеген болатын - әлемде күніне 307,9 мың науқас тіркелген еді.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионнан асты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!