36 жастағы әйелдің бейтаныс қызды метро теміржолына итеріп жіберіп, оның платформаға шығуына мүмкіндік бермеген сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Mirror.
36 жастағы әйелдің бейтаныс қызды метро теміржолына итеріп жіберіп, оның платформаға шығуына мүмкіндік бермеген сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Mirror.
Бухарестегі Dristor 1 метро бекетінде Магдалена Шербан 25 жастағы қызды темір жолға итеріп жіберген және платформаға қайта шығуына бөгет жасаған.
Румыниялық полицейлер мұны өзіне қол салу деп ойлаған. Алайда кейін видеоны толық зерттей келе 36 жастағы Магдалена Шербанның қызды итеріп жібергенін байқайды. Дәл осы күні әйел басқа қызды да теміржолға итерген, бірақ, қыз аман қалған.
Қазір Шербан қамауға алынып, сотқа дейін абақтыда отырады. Өз ісін ол түсіндіргісі келмеді.