"Қырғын мен қиратудың салдары тек Ресейдің мойнында" - Байден

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қырғын мен қиратудың салдары тек Ресейдің мойнында" - Байден

АҚШ президенті Джо Байден Украина халқы Ресей күштерінің себепсіз шабуылына ұшырағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


АҚШ президенті Джо Байден Украина халқы Ресей күштерінің себепсіз шабуылына ұшырағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бүкіл әлем Ресей қарулы күштерінің себепсіз шабуылына ұшыраған Украина халқымен бірге. Президент Путин қайғы-қасірет әкелетін, қарапайым халық жапа шегетін алдын ала ойластырылған соғысты таңдады", - деді Байден мәлімдемесінде.

"Қарапайым халықтың өліміне себеп болған шабуылдарға Ресей ғана жауапты", - деп қосты АҚШ президенті.

Байден АҚШ одақтастарымен бірге Ресейге қарсы ұжымдық және батыл жауап беретініне сөз берді.

"Әлем Ресейді жауапқа шақырады", - деп баса айтты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.63  course up  587.97  course up  6.51  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети