Қырғыз олигархы Райымбек Матраимов қолына кісен салынып, Бішкекке жеткізілді

viewings icon 1284 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: МҰҚК Фото: МҰҚК

Қырғызстан кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов Бакуден Бішкекке экстрадицияланды. Бұл туралы Kaktus.media басылымы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов Бакуден Бішкекке экстрадицияланды. Бұл туралы Kaktus.media басылымы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Матраимовты үкімет ұшағымен алып кеткені айтылды. Онымен бірге "Ошгаз" кәсіпорны директорының бұрынғы орынбасары Тілек Матраимовты да келді.

Әлеуметтік желіде Матраимовты Бішкекке жеткізген фотосуреттер тарап кетті. Бір суретте олигархтың қолына ұшақ бортында кісен салынғаны көрінеді. Екінші сурет Бішкек әуежайында түсірілген - қызметкерлер ер адамды ұшақтан алып шыққан.

Матраимовты экстрадициялаудан кейін мемлекеттік арна қызметкерлері одан пікір білдіруін сұрады. Видеода арнайы жасақ сарбаздарының сұрақтарға жауап беруі үшін оның қолынан, басынан ұстап тұрғанын көруге болады.

23 наурызда Қырғызстанның МҰҚК Бішкекте Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталғанын хабарлады. Комитет оларды Әзербайжаннан келгенін айтты. МҰҚК Матраимовтың ұсталғандармен байланысын анықтады.

Біраз уақыттан кейін комитеттің баспасөз қызметі өкілдері қосымша мәлімдеме жасап, онда іздеуде жүрген қырғыз олигархы Райымбек Матраимов Әзербайжан астанасы Бакуде жүргенін хабарлады. Ал қазір оны ұстау және одан әрі Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі Әзербайжанның құқық қорғау органдарымен талқыланып жатқанын жеткізді.

2024 жылғы қаңтардың аяғында Райымбек Матраимовқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеу жариялап, оның миллиардтаған сомдық жылжымайтын мүлкін мемлекет меншігіне өткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro