Қырғыз-тәжік шекарасында зардап шеккендер саны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз-тәжік шекарасында зардап шеккендер саны айтылды

Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыста зардап шеккен қырғызстандықтар саны 183-ке жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ализа Солтонбекова брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды 24.kg

"Бүгінде зардап шеккендер саны 183-ке жетті", - деді ол. 

Солтонбекованың сөзінше, оның 99-ы ауруханаларда емделіп жатыр.  

Бұған дейін елдің денсаулық сақтау министрлігі 34 Қырғызстан азаматы қаза тапқанын, оның ішінде, 13 жастағы қыз барын хабарлаған болатын. 

Ал Тәжікстан басылымдары елде 110-нан аса зардап шеккенін, 16 адам қаза тапқанын хабарлады. Алайда бұл әзірге бейресми ақпарат. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети