09 мамыр 2021 12:08

Қырғыз-тәжік шекарасындағы ауылдардан эвакуацияланғандар үйіне жіберілді

Фото: Баткен облысындағы министрлер кабинеті өкілінің баспасөз қызметінен

Шекара аймағындағы шиеленістің ушығуына байланысты эвакуацияланған Баткен ауданының тұрғындары үйіне жіберілді. Бұл туралы Баткен облысындағы министрлер кабинеті өкілетті өкілінің аппаратында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шиеленісті жағдайға байланысты құрылған штаб шешіміне сәйкес, бүгін ауыл тұрғындары үшін көлік ұйымдастырылған. Олардың бәрі үйіне жеткізіледі.

Өңірде эвакуацияланған 40 мың 649 адамға уақытша тұру орындары ұйымдастырылған.

Реклама
Реклама

Шекара аймағындағы жағдай тұрақты деп бағаланған. Бірінші кезекте адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Соңғы рет шекара маңында болған қақтығыста 190 қырғызстандық зардап шегіп, 36 адам қаза тапқан. Олардың ішінде балалар да бар. Оқиға болған аймақтан 40 мыңнан аса адам эвакуацияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram