Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akipress.org © akipress.org

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыста қаза болған қырғыз азаматтарының саны үшке жетті, олардың арасында 12 жастағы қыз бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыста қаза болған қырғыз азаматтарының саны үшке жетті, олардың арасында 12 жастағы қыз бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, қаза болғандардың бірі бірі - 2008 жылы туған қыз. "Ол ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды", - деді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, сағат 00:00-дегі жағдай бойынша, қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыста зардап шеккендер саны 84-ке жеткені хабарланды.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қақтығыс аймағында атыс тоқтағанын мәлім етті.

"Баткен облысында орналасқан Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметінің бөлімшелері мен құрамалары жергілікті мемлекеттік органдармен, күш құрылымдары бөлімшелерімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жағдай бұдан әрі өршіп кетуіне жол бермеу үшін барлық қажетті шараныды қабылдап жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, кеше қырғыз-тәжік шекарасында жағдай шиеленісіп, атыс басталғаны хабарланған болатын. Артынша кеше, 29 сәуірде кешкі уақытта екі ел атысты тоқтату туралы шешімге келген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer