01 мамыр 2021 17:20

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: Бішкекте митинг өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкекте үкімет ғимаратының маңында қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты митинг басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бішкекте үкімет ғимаратының маңында қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты митинг басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Ескі алаңға 500-ге жуық адам жиналды. Оларға Үкімет аппаратының басшысы Жеңісбек Асанқұлов шықты.

"Қазір төрт автобус келіп, барлығы әскери комиссариатқа бара алады, сол жерде тізім жасаймыз", - деді ол.

Еске салайық, қырғыз-тәжік шекарасында екі елдің әскери қызметшілері арасында қарулы қақтығыс әлі де жалғасып жатыр. Шекарадағы кезекті қақтығыс 28 сәуірде Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы "Головный" су тарату пунктінің ауданында басталды. Тараптар бір-бірін таспен лақтыра бастады. Кейін атыс болды. 154 адам медициналық көмекке жүгінді, 33 адам қаза тапты, олардың арасында бала да бар.

Бұған дейін 1 мамырда таңертең қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақты екені хабарланған болатын. Өткен түнде атыс болған жоқ. Бірақ кейін шекарасындағы жағдай қайта шиеленісе түсті. Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Баткен облысының Арқа жерінде тәжік әскери қызметшілері қырғыз азаматтарының тұрғын үйлеріне оқ жаудырды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети