Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан зардап шеккендер туралы мәлімет тарады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан зардап шеккендер туралы мәлімет тарады

Қырғыз бен тәжік тарапы шекарадағы қарулы қақтығыс кезінде жараланғандардың санын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғыз бен тәжік тарапы шекарадағы қарулы қақтығыс кезінде жараланғандардың санын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз тарапының шекарашылары жасалған келісімді бұзып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияларды алған Тәжікстаннан келген жасақты анықтаған.

Кейін Баткен облысының Қақ-Сай және Пасқы-Арық аудандарында қақтығыс басталған.

Қырғызстанның шекара қызметі тәжік тарапы Қырғызстанның Достук және Самарқандек деген екі шекара бекетін атқылағанын хабарлады.

"Бұлақ-Башы ауданында болған қарулы қақтығыс салдарынан Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің екі әскери қызметкері зардап шекті. Сондай-ақ шекара заставасының учаскесінде Қырғызстанның екі азаматы зардап шекті.

Кейін Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен азаматтардың саны үш адамға жеткенін мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Ал Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі Қырғызстан тарапын қақтығысты бастады деп айыптады.

"14 қыркүйекте сағат 07:15 шамасында Қырғызстан шекарашылары еш себепсіз Тәжікстан шекарашыларына оқ атты. Бұған қоса Қырғызстанның басқа өңірлерінен қосымша әскери күштер мен құралдар келді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети