Қырғызстанның экс-президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке Құмтор алтын кен орнын игеру кезіндегі сыбайлас жемқорлық ісі бойынша іздеу жариялады. Бұл туралы бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) Төрағасы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қырғызстанның экс-президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке Құмтор алтын кен орнын игеру кезіндегі сыбайлас жемқорлық ісі бойынша іздеу жариялады. Бұл туралы бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) Төрағасы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ведомствоаралық тергеу тобы Құмтор алтын кен орнын игеру жобасының түрлі кезеңдерінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Тергеу жобаны іске асыруға байланысты оқиғалардың барлық хронологиясына терең талдау жүргізді және тергеудің мынадай бағыттары анықталды: 1992-1994 жылдары компаниямен бас келісім жасалды, ол бойынша бұрынғы президент Ақаев лауазымдық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, іздеу жарияланды", - деді Ташиев.
Оның айтуынша, бірқатар шенеунік ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты істі тоқтатуға келісім берген. "Бұл олар кінәсін мойындағанын білдіреді", - деп атап өтті ҰҚК төрағасы.
Арнайы қызмет басшысының айтуынша, кейінгі келісімдер жасағаны үшін осыған ұқсас айыптар бойынша сыбайлас жемқорлыққа күдікті экс-президент Құрманбек Бакиевке іздеу жарияланған. Сондай-ақ, экс-президенттер Алмазбек Атамбаев пен Сооронбай Жээнбековтің канадалық компаниялармен республика үшін алдын ала тиімсіз шарттар жасасуға қатысқан болуы мүмкін екені айтылады.
"Егер бірдеңе шықса, олар жауапқа тартылады", - деді ол.
Бұған дейін Қырғызстан канадалық Centerra Gold Inc.компаниясына Құмтор кенішін игеру кезінде экологиялық нормаларды бұзғаны және салық төлемегені үшін 4,2 миллиард доллар қаржылық талап қойғаны хабарланған еді. Қырғыз тарапының пікірінше, компания әрекеті Республика экологиясына айтарлықтай зиян келтірген, соның ішінде кен орнының маңында мұздықтардың жойылу қаупін тудырған, бұл адам өміріне қауіп төндіреді. Кейіннен ел парламентінің шешімі бойынша "Құмтор Голд Компани" компаниясында сыртқы басқару енгізілген. Құмторға қатысты қылмыстық істер бойынша Парламенттің бірқатар депутаты, соның ішінде экс-президенттің ағасы Асылбек Жээнбеков, сондай-ақ бірқатар жоғары лауазымды шенеунік, соның ішінде бұрынғы премьер-министр Өмірбек Бабанов іске тартылған.
Канадалық Centerra Gold шамамен 30 жыл бойы Қырғызстанда 700 тоннаға жуық алтын қоры бар ең ірі Құмтор кен орнын игерумен айналысып келеді. Құмтор кен орны халықаралық компанияның негізгі активі болып есептеледі, ол оған табыстың көп бөлігін әкеледі. Қырғызстан статистикасының деректері бойынша, Республиканың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі Құмтордың үлесі шамамен 20 пайыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!