Қырғызстан мен Өзбекстанның бірқатар қаласы электр қуатынсыз қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан мен Өзбекстанның бірқатар қаласы электр қуатынсыз қалды Фото:elements.envato.com

Қырғызстан мен Өзбекстан қалалары да электр қуатынсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан мен Өзбекстан қалалары да электр қуатынсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АКИpress агенттігі мәліметінше, 25 қаңтарда түске таман Бішкекте электр қуаты үзілген.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар электр жарығы жоқ әртүрлі өңірлерді жазып жатыр.

Сондай-ақ, Ош қаласында да электр қуаты үзілген. Қырғызстанның бірқатар өңірінде электр жарығы өшіп жатқаны туралы ақпарат бар. Осылайша, Шу өңірі – Жайыл және Мәскеу аудандарының, Тоқмок қаласында, сондай-ақ Ыстықкөл облысының бір бөлігінің тұрғындары электр қуаты жоқтығын жазып жатыр.

Gazeta.uz сайтының мәліметінше, Ташкент пен Өзбекстанның кейбір басқа қалаларында сейсенбіде сағат 11:00 шамасында электр жарығы сөнген. Өзбекстанның энергетика жүйесінде ірі апат болғаны айтылды. Елорда тұрғындары сорғылардың тоқтап қалуынан су қысымының төмендегенін айтып отыр. Ұялы байланыс әлі жұмыс істейді.

Sputnik Өзбекстан мәліметінше, елорданың барлық ауданында, Гүлістан, Қарши, Самарқанд, Бұхара, Қоқан, Шыршық қалаларында жаппай электр қуаты үзілген. Басылым Ташкент метросының да жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Жолдардағы қозғалысты жол полициясының қызметкерлері реттейді - бағдаршам жұмыс істемейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети