Қырғызстан мен Тәжікстан бірлескен хаттамаға қол қойды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Тәжікстанмен хаттамаға қол қойғанын мәлімдеді. Бұл құжаттың басты мақсаты - шекаралас аймақтардағы жағдайды тұрақтандыру және реттеу, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Sputnik Кыргызстан" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Тәжікстанмен хаттамаға қол қойғанын мәлімдеді. Бұл құжаттың басты мақсаты - шекаралас аймақтардағы жағдайды тұрақтандыру және реттеу, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Sputnik Кыргызстан" басылымына сілтеме жасап.

"Мен және Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Саймумин Ятимов хаттамаға қол қойдық. Соңғы жаңалық - осы. Жағдай баяу болса да тұрақталып жатыр. Комиссия ертең жұмысын жалғастырады, біз жағдайды шешу жолында тағы бірнеше қадам жасадық. Мүмкін, ертең кешке тағы кездесу болады", - деді Ташиев.

Еске салайық, 14 қыркүйекте қырғыз-тәжік екі республиканың шекарасында атыс басталды. Қырғызстан мен Тәжікстан шекара өкілдерінің келіссөздерінен кейін атыс тоқтатылды.

Бірақ 16 қыркүйекте атыс қайта басталды. Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, тәжік тарапы шекараның бүкіл периметрі бойынша Баткен ауданындағы шекара және азаматтық нысандарға шабуыл жасаған.

Сол күні Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері атысты тоқтату туралы келісті. Алайда, қырғыз БАҚ - тарының хабарлауынша, кейінірек тәжік тарапы шекарашылардың позицияларына оқ жаудырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro