Қырғызстан мен Тәжікстан делегациялары шекара туралы хаттамаға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан мен Тәжікстан делегациялары шекара туралы хаттамаға қол қойды Фото: Sputnik.kg/Откурбек Рахманов

Бәткен облысында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының үкіметтік делегацияларының кездесуі өтті. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды 24.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бәткен облысында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының үкіметтік делегацияларының кездесуі өтті. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды 24.kg.

Қырғыз Республикасының делегациясын Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев, тәжік тарапын ТР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов басқарды.

"Кездесу барысында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы ахуалды шешуге бағытталған іс-шаралар туралы пікір алмасу болды. Қырғызстан мен Тәжікстан делегацияларының басшылары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу қажеті туралы өзара толық түсіністік білдірді", - делінген хабарламада.

Екі тарап мемлекеттік шекараның қалған учаскелерінде қырғыз-тәжік шекарасының жобалық сызығының сипатын күшейту туралы келісімге келгені атап өтілді.

Үкіметтік делегациялар отырысының қорытындысы бойынша бірлескен хаттамаға қол қойылды.

Sputnik.kg мәліметінше, отырыс 2 мамырда 03:00-ге дейін созылған.

Қырғыз-тәжік шекарасында не болып жатыр?

Шекарадағы қақтығыс 28 сәуірде басталған. 29 сәуірде кешке Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатуға келіскен. Алайда кей жерде атыс қайта басталған болатын. Кеше тараптар бейбіт келісімге келу бойынша екінші әрекетке барып, атыс тоқтатылғанын жариялаған. 178 жәбірленуші медициналық көмекке жүгінген, 34 адам қаза болған, оның ішінде бір бала бар. Қақтығыс аймағынан 33 мыңнан аса адам эвакуацияланған еді.

Бүгін Қырғызстанда аза тұту күні жарияланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети