Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды Фото: 24.kg

Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Қырғызстан шекарашылары Тәжікстаннан келген жасақты анықтағанын хабарлады. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өкілдерінің айтуынша, көрші елдің әскери қызметкерлері келісімдерді бұза отырып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияға орналасқан.

"Қырғыз тарапының аумақтан кету туралы талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғызстан шекарашылары да қару қолданды. Атыс басталды, оның барысында тәжік тарапы миномет қолданды. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша, атыс мезгіл-мезгіл болып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ", - деді Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз орталығы өкілдері.

Сонымен қатар, Президенттің Баткен облысындағы өкілетті өкілі Әбдікәрім Әлімбаевтың баспасөз қызметі ол тәжік әріптесі Раджаббой Ахмадзодамен шекарадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Қақтығыс болған жер алыс тауларда орналасқан. Бейбіт тұрғындар онда тұрмайды. Президенттің Баткен облысындағы өкілі тәжік әріптесімен атысты тоқтату туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Қырғыз-тәжік шекарасының басқа учаскелерінде жағдай тұрақты", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети