Қырғызстандықтар мен мемлекет басшысы Садыр Жапаров әйелге қол көтеру оқиғасына қатысы бар кәсіпкер Эрмек Нургазиевтің Бішкек мэрі міндетін атқарушы лауазымына тағайындалуына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстандықтар мен мемлекет басшысы Садыр Жапаров әйелге қол көтеру оқиғасына қатысы бар кәсіпкер Эрмек Нургазиевтің Бішкек мэрі міндетін атқарушы лауазымына тағайындалуына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кеше кешкісін Қырғызстан астанасы мэрінің м.а. Балбак Тулобаев қызметінен кетті, осыған байланысты Нургазиев қаланың уақытша басшысы болып тағайындалды.
Бүгін Эрмек Нургазиев өзінің алғашқы баспасөз конференциясын өткізді. Журналистер сұрағына жауап бере отырып, оны қала басшысы лауазымына премьер-министр Улукбек Марипов ұсынғанын мәлімдеді.
Жанжалды оқиға бейнежазбасын желі қолданушылары тағы да талқылай бастады, ал Нургазиев істің жабылғанын айтты.
"Қалада мүлікті кепілге алып, заңсыз несие берумен айналысатын алаяқтар тобы бар. Оқиға 10 жылдан аса уақытқа созылып келеді. Бұл іспен айналысқан 9 нысан ісі тоқтатылды. Жанжал шығарған әйел сол фирманың қорғаушысы. Оқиға кенеттен болды. Әйел адам келіп бетіме шапалақпен салып қалғанда, мен қорғану мақсатында қол көтердім. Бұл табиғи рефлекс. Адвокат менің үстімнен арыз жазды. Бірақ 30 үлескер оның бірінші соққы жасағанын растады. Солай іс жабылды. Бұл бір жарым жыл бұрын болған", - деп түсіндірді Эрмек Нургазиев баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Instagram-парақшасында бұзақылық жасаған адамды мэр лауазымына тағайындау дұрыс емес деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әрине, бүгінде белсенді жас кадр көп. Сұхбат кезінде олар адал және белсенді, жұмысқа дайын азамат болып көрінеді. Бірақ бұрын билікте жұмыс істемеген, сыбайлас жемқорлық істеріне қатыспаған кадрлардың бұзақылық пен мүліктік дауларға қатысы бар екені белгілі болды. Сондықтан ондай азаматтарды Бішкек қаласының әкімі ретінде тағайындау дұрыс емес деп санаймын", - деп жазды мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!