Қырғызстан президенті даулы видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті даулы видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

"Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша Ош облысы басшылығының қызметін тексеру үшін тиісті комиссия құрылып, нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды. Сондықтан бірқатар басшыларды қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілді", - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қырғызстан Президентінің өкімі бойынша, қызметінен босатылды:

  • Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілі Зиядин Жамалдинов;
  • Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілінің орынбасары Данияр Жанықұлов;
  • мемлекеттік әкімшілік басшысы – Ош облысы Қара-Су ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев.

Эльчибек Жантаев Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілі болып тағайындалды.

Басылым мәліметінше, бұған дейін әлеуметтік желілерде Президенттің Ош облысындағы өкілінің орынбасары Данияр Жанықұловтың пара алып жатқаны туралы видео тараған. Бұл кадрларда Қара-Су ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев та бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети