Қырғызстан президенті Камчы Кольбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Камчы Кольбаевқа қатысты мәлімдеме жасады Фото: 24.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Әскери прокуратураға Камчы Кольбаевтың өліміне қатысты тергеу жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Әскери прокуратураға Камчы Кольбаевтың өліміне қатысты тергеу жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Садыр Жапаров "Кабарға" берген сұхбатында болған жайтты интернеттен біліп, бірден Бас прокурор Курманкул Зулушевке телефон соққанын атап өтті.

"Мен оған әскери прокурорды ертіп, оқиға орынға барып, мән-жайды айтып мәлімет беруін айттым. Ол барып, маған телефон соғып, оқиға орнында атыс болғанын, қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін айтты", - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Әскери прокуратура МҰҚК арнайы операциясының заңды түрде жүргізілгенін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.

"Тергеу жүріп жатыр. Нәтижесін күтеміз", - деп қосты Садыр Жапаров..

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети