Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қандай да бір мемлекетті мойындау кез келген егеменді елдің өз құқығы деп, Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындауы туралы өз ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ол Украинаның шығысындағы жағдайдың дамуын алаңдаушылықпен бақылап отыр.
"Донбасс төңірегіндегі жағдайды үнемі бақылап отырамын. Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қолдауына ие болған қақтығысты реттеу жөніндегі жалғыз құжат, Минск уағдаластықтарын сақтау қажеттілігін негізге алады. Өкінішке орай, олардың орындалмауы қазіргі қиын жағдайға әкелді", - деп жазды Жапаров Facebook-те.
Ол жағдай тек бейбіт дипломатиялық жолмен шешілетініне сенім білдірді.
"Адам өмірі - ең құнды нәрсе. Жанжал одан ары ушығып кетпес үшін, жағдайды реттеу кезінде барынша сақтық пен ұстамдылық танытуға шақырамын. Мүмкін, бұл көптеген Ресей азаматтары тұратын Донбасстың бейбіт тұрғындарын қорғау үшін қажет болған шығар. Қандай да бір мемлекетті мойындау кез келген елдің егеменді құқығы екенін атап өткім келеді", - деп атап өтті Жапаров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!