Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жоғалып кетті - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жоғалып кетті - БАҚ Сооронбай Жээнбеков. Фото:gov.kg

Қырғызстанның ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Курсан Асанов қазір президент Сооронбай Жээнбековтің және әлі күнге дейін отставкаға кетпеген ішкі істер министрі Қашқар Жүнісәлиевтің қайда екенін білмейді, - деп хабарлайды 24.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Курсан Асанов қазір президент Сооронбай Жээнбековтің және әлі күнге дейін отставкаға кетпеген ішкі істер министрі Қашқар Жүнісәлиевтің қайда екенін білмейді, - деп хабарлайды 24.kg.

Бұл туралы ол бүгін Бішкекте өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бергенде хабарлады.

"Шындығында, мен қазір Бішкекте тәртіп орнату мәселелермен айналысып жатырмын. Өздеріңіз көріп отырғандай, кешеден бастап еріктілермен бірге қаладағы жағдайды бақылауға алып, елді тонауға жол бермедік. Біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз. Жээнбековты және басқаларды іздестірумен өзге құрылымдар айналысады деп ойлаймын", - деді Курсан Асанов.

"Бізге оның орналасқан жері белгісіз. Оны іздеп жатқанымыз жоқ, қазір басқа жұмыс көп. Ең бастысы - тәртіп орнату", - деп жазған РИА Новости Асановтың сөзін.

Айта кетейік, 6 қазанда ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асанов Қырғызстанның астанасы мен ішкі істер министрінің міндетін атқарушы комендант болып тағайындалды.

Кейінірек Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Жээнбеков Бішкекте екенін және жағдайды тұрақтандыру үшін саяси күштермен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Осы уақытта Ош облысында Сооронбай Жээнбековті қолдауға арналған митингілер өтіп жатыр. Сондай-ақ, наразылық акциясына қатысушылар елде заңды сақтауға шақырды. Онда 500-ден аса адам жиналды.

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда елдегі парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети