Қырғызстан президенті төрт министрді қызметінен босатты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Дүйсенбі, 3 қазанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров төрт министрді қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИpress-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дүйсенбі, 3 қазанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров төрт министрді қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИpress-ке сілтеме жасап.

Садыр Жапаровтың өкімімен қызметінен босатылғандар:

  • Қырғыз Республикасы энергетика министрі Досқұл Бекмырзаев;
  • Қырғызстан білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев;
  • Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов;
  • Көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев.

Алғашқы екеуінің үстінен қозғалған қылмыстық істерге байланысты қызметінен шеттетілгені атап өтілді. 

Қырғызстанның бас прокуратурасы 13 қыркүйекте Бекмырзаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғады. Ол тиісті саланың маманы емес қызметкерлерді шетелге іссапарға заңсыз жіберді деген күдікке ілінген болатын. Тергеу барысында министр қызметінен шеттетілді.

Ал Бейшеналиев Білім министрлігін 2022 жылдың 17 ақпанынан бастап басқарды. 28 қыркүйек кешке жоғары оқу орындарына түсу мәселесін шешу үшін 100 мың доллар бопсалады деген күдікпен ұсталды.

Азамат Жаманқұлов 2018 жылдың қазанынан бастап Мәдениет министрлігін басқарып келді, ол сол кездегі президент Сооронбай Жээнбековтің жарлығымен тағайындалған болатын.

Осоев министр болып 2021 жылдың 10 тамызында тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro