Қырғызстан президенті Сооранбая Жээнбековтің атына елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жауапкершілікке тарту туралы арыз түсті, - деп хабарлайды Kaktus.media.
Қырғызстан президенті Сооранбая Жээнбековтің атына елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жауапкершілікке тарту туралы арыз түсті, - деп хабарлайды Kaktus.media.
Республиканың Бас прокуратурасының мәліметінше, 13 шілдеде Раушан Айтқұлова есімді азаматшадан Жээнбеков пен басқа да жоғары шенді шенеуніктерді елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты арыз түскен.
"Арыз прокуратураның жалпы бөлімінде тіркелді", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Раушан Айтқұлова әлеуметтік желіде ел президентін жауапкершілікке тарту керегін айтып, импичментке қол жинай бастаған. Оның айтуынша, петицияға 2,5 азамат қол қойған. Президент әкімшілігі әзірге Айтқұлованың арызына пікір білдірмеді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 11,5 мың адам анықталған. Оның ішінде 4995 адам аурудан аығып, жалпы 149 адам қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!