12 қазан 2018 | 17:13

Қырғызстан СІМ басшысы Кореядағы елшінің дауынан кейін отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эрлан Абдылдаев. © gov.kg Эрлан Абдылдаев. © gov.kg

Қырғызстан СІМ басшысы Эрлан Абдылдаев жұмада Кореядағы елшінің арызынан кейін отставкаға кеткені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан СІМ басшысы Эрлан Абдылдаев жұмада Кореядағы елшінің арызынан кейін отставкаға кеткені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"6 жыл Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі қызметінде жұмыс істеп, өз еркіммен жұмыстан кету туралы арыз бердім. Мемлекет басшысы отставкамды қабылдады", - делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Қыркүйектің соңында Қырғызстанның Сеулдегі елшісі Кылычбек Султан Бішкекте баспасөз конференциясын өткізіп, 2015-2016 жылдары Малайзияда Қырғызстан елшілігінің қызметкерлері мен елдің СІМ басшылығы тарапынан істелген заңбұзушылық деректерін жариялаған. СІМ өкілдері, елшінің тарапынан да заң бұзушылық деректер барын айтқан еді. 

Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің тергеуі нәтижесінде, республиканың сыртқы істер министрлігінде қызметтік құжаттардың таралуы және кадрлық саясаттың әлсіздігін анықтаған. 

Осыған дейін, Қырғызстанның Кореядағы елшісі Сооронбай Жээнбековтан сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевты қызметінен босатуды өтінген. Оның айтуынша, бұл тергеу шараларының объективті өтуіне себеп болады екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети