04 тамыз 2015 | 10:20

Қырғызстан ТЖМ 9 балдық жойқын жер сілкінісі туралы ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қырғыстанның ТЖМ 2015 жылдың екінші жартысында күші 9 балдық жойқын зілзала болуы мүмкін екендігі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғыстанның ТЖМ 2015 жылдың екінші жартысында күші 9 балдық жойқын зілзала болуы мүмкін екендігі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының болжамы бойынша, 2015 жылдың екінші жартысында ел аумағына жер сілкінісі қаупі төніп тұр. "Ең қауіпті аймақтар қатарында Қытай және Тәжікстанмен шекарадағы Баткен мен Ош облыстары бар. Бұл жерлерде жер сілкінісінің күші 7-9 балға дейін жетуі мүмкін", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, жер сілкінісі болуы мүмкін қауіпті аймақтар қатарында Тянь-Шаньнің солтүстігі, республикадағы Ыстық көл облысы да бар.

Қырғызстан ТЖМ 2015 жылдың тамызында республика аумағында ауа райының өзгеруіне әкелетін "табиғи экзогенді процесстердің активизациясы" болатынын хабарлады. "Ауа температурасының ауытқуы, желдің күшеюі, толассыз жауын таулы аймақтарда селдің, сырғымалар мен опырылмалардың, төменгі жақтардағы су басуға әкелуі мүмкін", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Осыған орай ТЖМ Кризисті жағдайлардағы басқарма орталығы Қырғызстан азаматтық қорғаныс қызметінің күші мен заттарын, басқарма органдарының төтенше жағдай кезінде аймақтан кетуге дайындық жұмыстарын бақылауға кірісті.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети